Құрылымдық бөлімшелер

Орталық жетекшісі

Дүйсебаев Бауржан Оразұлы

Техника ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясының академигі


Орталық туралы

Құзыреттер орталығы минералдық шикізатты өңдеу технологиялары саласындағы білім мен озық тәжірибені жинақтайды, жүйелейді және таратады. Біздің мақсатымыз — Қазақстан Республикасында минералдық шикізатты өңдеу саласындағы өзекті құзыреттерді дамыту және қолдау.


Негізгі қызмет бағыттары

  • Минералдық шикізатты өңдеу саласында жобаларды бастамашылық ету.
  • Әдістемелік және сараптамалық қолдау: зерттеулерге арналған ұсыныстар мен техникалық тапсырмаларды әзірлеу
  • Ғылыми зерттеулерді үйлестіру және оларға қатысу
  • Жоба қызметі — идеядан бастап енгізуге дейін
  • Қазақстан және шетелдегі басқа Құзыреттер орталықтарымен және ғылыми-техникалық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау
  • Ел ішіндегі және халықаралық деңгейдегі ғалымдар мен ғылыми ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты дамыту

Байланыс ақпараты

Мекенжай
Жандосов көш., 67, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
Телефон
+7-707-8535169
E-mail
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Бөлім басшысы

Қанжігіт Гүлнұр Асанқызы


Бөлім туралы

Бөлім химиялық өнімнің айналымына байланысты тәуекелдерді сараптамалық бағалау жұмыстарын жүргізеді, бұл халықтың денсаулығын қорғау және қоршаған ортаны сақтау мақсатында жүзеге асырылады.

Біз қауіпсіздік паспорттарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін талдап, өнімді тіркеуге ұсыныстар немесе сәйкессіздік туралы қорытындылар дайындаймыз.


Негізгі қызмет бағыттары

  • Химиялық өнімдердің қауіпсіздік паспорттарын ҚР заңнамасына сәйкестігіне сараптау
  • Бұзушылықтар анықталған жағдайда сәйкессіздік туралы қорытындылар және толық сәйкестік кезінде тіркеуге ұсыныстар дайындау
  • Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі саласындағы стандарттар мен техникалық регламенттерді енгізуге қатысу
  • Қауіпсіздік паспорттарының деректер базасын қалыптастыру және жүргізу
  • Өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған тренингтер, семинарлар мен кеңестер өткізу
  • Сараптамалық материалдарды тапсыру және мұрағаттау

Бөлім қызметтері

Қауіпсіздік паспорттарын сараптамалық тексеру

Сәйкессіздік қорытындылары мен тіркеуден бас тарту бойынша ұсыныстар дайындау

Заңнамаға сәйкестік болған жағдайда тіркеуге ұсыныстар әзірлеу

Өтініш берушілерге консультациялық қолдау көрсету

Қауіпсіздік паспорттарын әзірлеу бойынша оқу іс-шараларын өткізу

Стандарттар мен регламенттерді енгізу бойынша әдістемелік қолдау

Деректер базасын жүргізу және жаңарту


Байланыс ақпараттары

Мекенжай
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жандосов көш., 67
Телефон
+7 (727) 259-00-70 (ішкі 182)

Түзету бөлімі

Бөлім басшысы

Бердікулова Феруза Асанқызы

т.ғ.к., қауымдастырылған профессор


Бөлім туралы

Ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды үйлестіру бөлімі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру, сүйемелдеу және олардың орындалуын бақылаумен айналысады, сондай-ақ мемлекеттік және салалық ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруды қамтамасыз етеді. Бөлімнің негізгі міндеті – Орталық, оның филиалдары мен серіктестері арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, инновацияларды енгізуге және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға ықпал ету, сондай-ақ өнімнің халықаралық стандарттарға сай бәсекеге қабілеттілігін арттыру.


Негізгі қызмет бағыттары

  • Орталық пен филиалдардың мемлекеттік тапсырыстарды орындау бойынша конкурстарға, тендерлерге қатысуы.
  • Бюджеттік ғылыми-техникалық бағдарламалардың (ҒТП) жобаларын әзірлеу.
  • Гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобаларын, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын және басқа да мемлекеттік және салалық ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру және сүйемелдеу.
  • Ғылыми бөлімшелердің, Орталық филиалдарының және басқа да ғылыми-техникалық бағдарламаларды бірлесіп орындаушылардың ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру.
  • Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама (МҒТС) өткізу үшін бағдарламалар мен жобаларды орындаудың ғылыми-зерттеу қызметі бойынша есептік материалдарды дайындау.
  • Патенттік-лицензиялық қызметті сүйемелдеу.
  • ҚР ӨҚИ Өнеркәсіп комитетімен жұмыс (жер қойнауын пайдалану жобаларының технологиялылығы мен инновациялылығын бағалау үшін негіздемелер, қорытындылар дайындау).
  • ТКМК кәсіпорындарын дамыту жоспарларына және өнім сапасын халықаралық стандарттар деңгейіне дейін арттырудың заманауи талаптарына сәйкес ҒЗЖ қажеттілігі мен басымдылығын анықтау.
  • ҒТБ негізгі тапсырмалары мен көрсеткіштерін әзірлеу.
  • ҒТБ орындау барысында алынған нәтижелерді талдау, жұмыс жоспарларын түзету.
  • ҒЗЖ нәтижелерін қолдану облыстарын анықтау бойынша ұсыныстарды қалыптастыру.

Байланыс ақпараты

Мекенжай
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жандосов к-сі, 67
Телефон
+7-727-259-00-70 (ішкі 119)
+7-727-308-78-57
+7-778-911-99-41
E-mail
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Бөлім басшысы

Малдыбаев Ғалымжан Кенжекейұлы

металлургия саласы бойынша PhD


Бөлім туралы

Ғылыми үйлестіру бөлімі – ұйымның ғылыми-зерттеу қызметін жүйелі дамытуға жауапты негізгі құрылымдық бөлімше болып табылады. Оның міндеттері стратегиялық жоспарлау, жобаларды ұйымдастыру мен сүйемелдеу, кадрлық әлеуетті нығайту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Бөлім басшылық пен ғылыми бөлімшелер, зерттеушілер және сыртқы серіктестер арасындағы байланыстырушы буын ретінде қызмет атқарады. Негізгі мақсат – ғылыми қызметті үйлестіру, қолдау және ілгерілету.


Негізгі қызмет бағыттары

Ғылыми қызметті стратегиялық жоспарлау

  • Ұйымның ғылыми стратегиясын әзірлеу және іске асыру
  • Ғылыми зерттеулердің басым бағыттары бойынша ұсыныстар дайындау

Ғылыми зерттеулерді үйлестіру

  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарының (ҒЗЖ) жоспарларын келісу
  • Ғылыми бөлімшелер және жекелеген зерттеушілермен өзара іс-қимыл

Ғылыми жобалар мен гранттарды қолдау

  • Өтінімдерді дайындауда ақпараттық және әдістемелік көмек көрсету
  • Жобаларды іске асыруды сүйемелдеу (мерзімдер мен есептілікті бақылау және т.б.)

Ғылыми кадрлық әлеуетті дамыту

  • Ғылыми қызметкерлердің біліктілігін арттыруға жәрдемдесу
  • Ғылыми семинарлар мен тағылымдамаларды ұйымдастыру
  • Жас ғалымдарды қолдау: бакалаврлар, магистранттар, докторанттар

Халықаралық ғылыми ынтымақтастық

  • Серіктестерді іздеу және халықаралық жобаларға қатысуды үйлестіру
  • Бірлескен зерттеулерді, конференциялар мен алмасуларды ұйымдастыру

Ғылыми жарияланымдар және индекстеу

  • Зерттеу нәтижелерін жариялауға жәрдемдесу
  • Жоғары рейтингті журналдарда (WoS, Scopus) жариялану белсенділігін қолдау

Ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру

  • Конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер
  • Ғылыми жұмыстар байқаулары, форумдар және көрмелер

Байланыс ақпараты

Мекенжай
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жандосов к-сі, 67
Телефон
+7-707-1414241
E-mail
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Бөлім басшысы

Әбенова Айгүл Омарбекқызы


Бөлім сипаттамасы

Бөлім ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды, маркетингтік зерттеулер мен технологиялардың нарықтық әлеуетін бағалауды, ғылыми мекемелер, бизнес және мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыруды жүзеге асырады.


Негізгі қызмет бағыттары

  • Ғылыми-техникалық, өндірістік және қаржылық-экономикалық ақпаратты жинау, зерделеу және талдау.
  • Ақпараттық шолуларды, маркетингтік, статистикалық және экономикалық есептерді дайындау.
  • ТКМК (тау-кен металлургия кешені) кәсіпорындарының қызметтерін зерттеу және олардың инновациялық әлеуетін талдау.
  • Қаржылық талдау, бағалау және ықтимал қаржыландыру үшін инновациялық жобаларды алдын-ала таңдау.
  • Бизнес-жоспарлар мен инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу.

Байланыс мәліметтері

Мекенжайы
Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 67
Телефон
+7 701 366 5606
E-mail
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

 

 

 

Бөлім бастығы

Байтулин Әлихан Исаұлы

 

 

 

 

 

Толығырақ...

 

Жобалау және аттестаттау бөлімі

 

 

Бөлім бастығы

Иманбаев Марат Әшірәліұлы, т. ғ. к., қауымдастырылған профессор, ХАИҒ академигі

 

Бөлім жобалауды және ИТҚ аттестаттауды жүзеге асырады.

 

 

 

Толығырақ...

Зертхана меңгерушісі

Сухарников Юрий Иванович, техника ғылымдарының докторы, профессор металлургии

Қызметкерлер саны: 4, оның ішінде 1 т.ғ.д, 1 магистр және 1 жетекші инженер.


Қызмет бағыты

Жаңа көпфункционалды материалдарды ала отырып күріш өңдеу қалдықтарын кешенді қайта өңдеудің инновациялық технологияларын әзірлеу және оларды техника мен ауыл шаруашылығының түрлі салаларында қолдану.


Негізгі ғылыми бағыты

Антропогендік өсімдік шикізатын кешенді өңдеу.


Әзірленген технологиялар

  • Кремнийкөміртегі (КК) және органикалық өнім (ОӨ) ала отырып күріш қабығын кешенді өңдеу технологиясы және ОӨ-ны құс шаруашылығында жемшөп қоспасы және резеңке-техникалық және құрылымдық көміртекті материалдарды толтырғыш ретінде, ал ОӨ-ны ветеринарияда дезинфекциялаушы және өсімдіктердің өсуін ынталандырушы ретінде пайдалану.
  • Фрикционды көміртекті материалдарының құрамдас бөлігі ретінде қолдануға арналған β модификациялы көміртегі-карбиді кремний плазмохимиялық композит алу технологиясы.

Техникалық жарақтануы

  • Күріш қабығын термиялық өңдеуге арналған зертханалық қондырғылар: СШОЛ -1-6-2,5 2015ж. электр пеші; МИМП-10 П 2013 ж. муфель пеші; 1750˚С, LHT 04/17, TMAX/1750 2019 ж. жоғары температуралы пеш; ИД-65, 2021 ж. дискілі истораторы.
  • Кремнийкөміртегін алу алуға арналған (тәулігіне 100 кг) тәжірибелік өндіріс (L-3 м айналмалы пеш, Ø– 0,3 м) 2010 ж.
  • Күріш қабығын пиролиздеу, кремний көміртегін салқындату, пиролиз газын кәдеге жарату және дайын өнімді буып-түю бөлімшесі аппараттары құрамында жылына 1500 тонна кремний көміртегін өндіру.

Жарияланымдар, патенттер, стандарттар, регламенттер

  • зертхананың тақырыбы бойынша 106 ғылыми мақала жарияланды және ҚР 21 патенті алнды;
  • ұйымның стандарттары әзірленді: СТ01-23 РГП-06-2015 «Күріш қабығынан кремнийкөміртегі»; СТ 01-22-2.10 «Күріш қабығынан органикалық өнім»; СТ 01-23-РГП-06-2-14 «Күріш қабығынан Кремний диоксиді»; СТ 01-23-РГП-08-2014 «Күріш қабығынан графитті көмір»;
  • «Күріш қабығынан кремнийкөміртегі өндірісі» ВТР-1-2016 технологиялық регламенті әзірленд.

Байланыс ақпараты

Мекенжайы
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жандосов к-сі, 67
Телефон
+7-727-2500070 (вн. 125)
E-mail
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

КҮРІШ ӨҢДЕУ ҚАЛДЫҚТАРЫНАН ЖАҢА ПОЛИФУНКЦИОНАЛДЫ МАТЕРИАЛДАР АЛУ

Күрішті өңдеу кезінде әлемде бірнеше миллион тонна күріш қабығы қалады, оның ішінде Қазақстанда шамамен 60 мың тонна, олар көп жағдайда қолданылмайды, үйінділерге жіберіледі, бұл экологиялық проблемалар тудырады.

«Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК-да кремнийкөміртегі мен органикалық өнім ала отырып, Қазақстанда және әлемде алғаш рет күріш қабығын термиялық өңдеуге арналған әдіс пен аппараттар әзірленді (07.06.2019 ж. № 34661 ҚР патенті және 12. 04. 2024 ж. № 8997 ҚР патенті).

Бізде жылына 4200 тонна күріш қабығын өңдейтін және 1500 тонна кремнийкөміртегі мен 1500 тонна органикалық өнім өндіретін өндіріс салынды. Өнім 2025 жылдың 4 тоқсанында шығарылады деп жоспарлануда.

Кремнийкөміртегін құс шаруашылығында биоактивті жем қоспасы ретінде пайдалануға болады. Бұл құс шаруашылығының өнімділігін арттыруға және жемшөп шығынын төмендеуі қамтамасыз етеді.

Органикалық өнімнің сулы ерітінділерін ветеринарияда дезинфекциялаушы және өсімдік шаруашылығында өсу стимуляторы ретінде пайдалануға болады.

Қазақстанда кремнийкөміртегіне деген жалпы қажеттілік 20000 тонна, ал органикалық өнімге деген қажеттілік жылына 5000 тоннадан астам.

Осыған ұқсас инновациялық өндірісті құру үшін біз жобалау-конструкторлық және ғылыми-техникалық құжаттаманы дайындап, негізгі бейстандартты жабдықтарды дайындауды қамтамасыз ете аламыз, стандартты жабдықтар мен қажетті материалдардың тізбесін ұсынамыз, сондай-ақ осы өндірісті игеруге көмек көрсетеміз.

Жылына 4200 т күріш қабығын өңдейтін өндірісін құруға кететін күрделі шығындар 693 млн. теңгені құрайды.

Жылына 1500 тонна кремнийкөміртегін (КК) және 1500 тонна органикалық өнімді (ОӨ) алуға кететін жылдық шығын 900 млн.теңгені құрайды. Өнімді сатудан түскен түсім - 2088 млн. теңге (сату бағасы 1 т КК – 696000 теңге және 1 т ОӨ – 696000 теңге). Жалпы пайда 1188 млн. теңге. Өндіріс рентабельділігі 112%.

 

 

Кремнийкөміртегі (тәулігіне 100 кг) және органикалық өнім (тәулігіне 100 кг) ала отырып, күріш қабығын өңдеу бойынша тәжірибелік өндіріс

 

 

Күріш қабығын пиролиздейтін аппарат (4200 т жылына)

 

 

Кремнийкөміртегін салқындататын аппарат (1500 т жылына)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зертхана меңгерушісі

Ораз Жанар Рахимсеиткызы

Зертхана штаты: 8 қызметкер


Зертхана қызметінің сипаттамасы

Зертхана ҚР «КПМС» ҰҒО ғылыми жобалары аясында және сыртқы ұйымдармен жасалған шарттар бойынша физика-химиялық талдаулар жүргізуге маманданған.

Негізгі басымдық инженерлік аспап жасауға, аналитикалық әдістемелерді жетілдіруге және химиялық элементтерді анықтауға арналған жаңа құрылғыларды әзірлеуге бағытталған.

Маңызды жетістіктердің бірі – қатты және сұйық үлгілердегі Na, K, Li, Rb, Cs анықтауға арналған жалынды фотометрдің зауыттық үлгісін (2014 ж.) және жалынды фотометриядағы фондық сәулеленуді автоматты түрде есепке алу құрылғысын әзірлеу.


Негізгі ғылыми бағыттар

Инженерлік аспап жасау

Физика-химиялық әдістерді жаңғырту

Аналитикалық аспаптарды әзірлеу және енгізу

Қатты және сұйық үлгілердегі химиялық элементтерді анықтау


Көрсетілетін қызметтер

  • Металдарды атомды-абсорбциялық анықтау (As, Cr, Mn, Sb, Bi, Cd, Co, Cu, Fe, Ni, Pb, Zn, Au, Ag, Pt, Pd, Rh және т.б.)
  • Гравиметриялық және колориметриялық әдіспен элементтерді анықтау (SiO₂, Al₂O₃, Ba, Mo, P, Ti, W, Re) Na, K, Li элементтерін жалынды фотометриялық әдіспен анықтау
  • Фазалық талдау (Cu, Fe, Mo, Pb, Zn)
  • Алтын мен күмісті пробирлі-атомды-абсорбциялық әдіспен талдау
  • 40 элементке дейінгі спектралды талдау
  • Физика-химиялық қасиеттерді анықтау (ылғалдылық, күлділік, қышқылдық)
  • Үлгі дайындау: кептіру, ұнтақтау, елеу, сүзу, сынама алу
  • Пробоподготовка: сушка, истирание, ситовка, фильтрация, отбор проб

Техникалық жарақтандыру

ДФС-8 және ДФС-13 спектрографтары

Атомды-абсорбциялық спектрометр

Өз әзірлемеміздегі жалынды фотометр

Үлгілерді дайындауға және сүзуге арналған жабдықтар


Жарияланымдар мен патенттер (2016-2025 жж.)

5 мақала

отандық және шетелдік ғылыми журналдарда

1 патент

аналитикалық аспапты әзірлеу бойынша


Байланыс деректері

Мекенжай
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жандосов к-сі, 67
Телефон
+7-705-719-61-50
E-mail
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Зертхана меңгерушісі

Сейдахметова Назира Махмутқызы, PhD


Зертхана құрамы

Зертханада 12 қызметкер бар: 1 химия ғылымдарының докторы, академик; 1 химия ғылымдарының кандидаты; 1 техника ғылымдарының кандидаты; 1 геология-минералогия ғылымдарының кандидаты; 1 PhD; 3 докторант және 1 магистр.

Негізгі мамандар: Баешов А.Б., Мазулевский Е.А., Сейдахметова Н.М.


Қызмет бағыты

Зертхана минералдық және техногендік шикізатты өңдеу саласында іргелі, ізденістік және қолданбалы зерттеулер жүргізеді, инновациялық технологияларды әзірлейді және енгізеді, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар өткізеді. Ерекше назар сирек, түсті және асыл металдарды алу тиімділігін арттыруға, сондай-ақ өндірістік қалдықтарды қайта өңдеуге аударылады.


Ғылыми бағыттар

  • Минералдық және техногендік шикізатты пиро-, гидро- және электрометаллургиялық өңдеу (Re, Os, V, Sb, Ba, Zn, Ti).
  • Сирек металдарды алу және тазарту технологияларын әзірлеу.
  • Өнеркәсіпке арналған берілген қасиеттері бар материалдар жасау.

Жер қойнауын пайдаланушыларға арналған қызметтер

  • Тапсырыс берушінің нақты қажеттіліктеріне бейімделген шикізатты өңдеу технологияларын әзірлеу.
  • Металдар мен қосылыстардың кешенді физика-химиялық талдауы (Mo, W, Re, Os, Sb, Pb, Zn, Fe, Hg, Cu, SiO₂, CaO, Mg және т.б.).
  • Технологияларды зертханалық және тәжірибелік-өнеркәсіптік жағдайда сынау.
  • Енгізу бойынша есептер мен ұсынымдар дайындау.

Нәтижелер мен әзірлемелер

  • Мыс балқыту кектерінен рений мен осмийді алу технологиясы (2003-2018 жж.)
  • Антимонаттық шикізаттан Sb 99.5 металл сурьмасын алу (2012-2017 жж.)
  • Күн элементтеріне арналған TiO₂ жұқа оксидті қабықшаларын алу (2021-2023 жж.)
  • Сурьма мен титан алудың көміртексіз технологияларын әзірлеу (2024-2026 жж.)
  • Қазақстан минералдық шикізатынан литий мен ванадий алу бойынша инновациялық технологиялар (2023-2026 жж.)

Техникалық жабдықталуы

Муфель пештері, кептіру шкафтары, планетарлық диірмен, потенциостат-гальваностат, аналитикалық құрал-жабдықтар, фотометрлер және шикізатты өңдеуге арналған арнайы қондырғылар.


Байланыс ақпараты

Мекенжайы
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жандосов к-сі, 67
Телефон
+7-778-203-4223
E-mail
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Зертхана меңгерушісі

Алимжанова Алия Марғұланқызы, PhD

Құрам: 5 қызметкер (1 т.ғ.д., академик; 1 PhD; 1 докторант; 1 магистрант)


Зертхана туралы

Зертхана минералдық және техногендік шикізатты өңдеу бойынша зерттеулердің толық циклін қамтиды — іргелі зерттеулерден бастап тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарға дейін. Біз құнды компоненттердің алынуын арттыратын, қалдықтарды азайтатын және ресурстарды кешенді пайдалануға мүмкіндік беретін бірегей технологияларды әзірлейміз.


Жер қойнауын пайдаланушыларға ұсынамыз

Кендер мен қалдықтарды, соның ішінде қиын байытылатын және техногендік материалдарды қайта өңдеу технологияларын әзірлеу және сынақтан өткізу.

Вольфрам және титан карбиді ұнтақтарын өндіруге арналған технологиялық режимдерді таңдау.

Сирек және отқа төзімді металдар негізінде жаңа буынды титан қорытпаларын жасау.

Технологияларды өндіріске енгізу әлеуетін бағалау және маркетингтік зерттеулер жүргізу.


Негізгі ғылыми бағыттар

Жоғары температураға төзімді титан қорытпалары

Қаратау ванадийлі кварциттерін кешенді өңдеу

Технологиялық қалдықтарды байыту

Инновациялық ресурсты үнемдейтін технологияларды әзірлеу

CO₂ ұстау және қайта өңдеу үшін каталитикалық жүйелерді қоса алғанда


Зертхана жабдықтары

Біз технологиялық зерттеулердің барлық кезеңдерін қамтитын заманауи қондырғылармен жабдықталғанбыз:

  • Шарлы диірмендер, флотациялық машиналар (зертханалық және өнеркәсіптік), ұсатқыштар, сынама бөлгіштер
  • Фото және микроскопиялық жабдықтар, Кнельсон орталықтандырғыш концентраторы
  • Thermo-Calc бағдарламалық кешендері – процестерді модельдеуге арналған

Іске асырылған және ағымдағы жобалар

RAMS Mining

Кентау байыту фабрикасы қалдықтарын байыту

Altyn Group Qazaqstan

Концентраттар мен ерітінділерден литий, молибден және вольфрам алу

«Балауса» фирмасы

Алюмосиликат қалдықтарынан ферроникель балқыту технологиясы

Мемлекеттік қор

Қаратау ванадийлі кварциттерін және Шалкия мен Жайрем кен орындарының қиын байытылатын рудаларын өңдеу


Неліктен бізді таңдайды

  • Зерттеулердің практикалық бағыттылығы және дайын енгізу шешімдері
  • Халықаралық сапа стандарттарына сәйкестік
  • Нәтижелердің құпиялылығы және тапсырыс берушіні толық сүйемелдеу

Байланыс ақпараты

Мекенжай
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жандосов к-сі, 67
Телефон
+7-707-1131731
+7-727-2590070 (вн.131)
E-mail
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Зертхана меңгерушісі

Шаяхметова Роза Абдрахманқызы, техника ғылымдарының кандидаты


Зертхана туралы

Зертхананың қызметі Орталықтың жұмыс бағдарламалары мен бекітілген тақырыптық жоспарларына сәйкес айқындалады. Негізгі мақсат – минералдық шикізатты қайта өңдеудің озық технологияларын әзірлеу және енгізу, жаңа материалдар жасау және ғылыми әлеуетті дамыту.


Негізгі ғылыми-зерттеу міндеттері мен бағыттары

Қаратау қара тақтатастарын (Баласаускандик, Кұрумсак кен орындары) қайта өңдеу технологияларын әзірлеу, ванадий мен сирек жер металдарын алу. Нәтижесінде өнімділігі жылына 15 000 тонна Баласаускандик кенін өңдейтін тәжірибелік-өнеркәсіптік учаскенің технологиялық регламенті әзірленді (2008-2014 жж.)

«Кундыбай» кен орнының үгілу қыртыстарынан сирек және сирек жер элементтерін алу технологиясын әзірлеу және сынақтан өткізу (2011-2014 жж.)

Хризотил-асбест қалдық шикізатын қайта өңдеу арқылы тауарлы магний өнімдерін (бишофит және карналлит) алу (2015-2020 жж.)

Технология тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтардан сәтті өтті және «Қостанай минералдары» АҚ-да енгізілді. «Ғылым қоры» АҚ-ның коммерцияландыру жобасы аясында өнеркәсіптік өндіріс ұйымдастырылды (пайдалануға енгізу актісі – 11.12.2020 ж.)

Жоғары беріктік пен технологиялық тиімділікке ие, сирек металдармен легирленген перспективалы титан қорытпаларын әзірлеу (2015-2024 жж.)

Сирек және сирек жер элементтері негізінде жоғары пайдалану қасиеттері бар жаңа композициялық материалдар жасау (2021-2023 жж.)

Қазақстанның тотығуға ұшыраған магнийлі-темірлі никель кендерін гидрометаллургиялық әдістермен кешенді қайта өңдеу (2023-2026 жж.)

Ғылыми кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру (магистратура, PhD докторантура, ізденушілік). Ғылыми және жарияланымдық қызмет – халықаралық және республикалық симпозиумдар мен конференцияларға қатысу, мақалалар жариялау, патенттерге өтінім беру, ғылыми еңбектер шығару

Зертхана жобаларын іске асыру мәселелері бойынша ғылыми, өндірістік және мемлекеттік ұйымдармен ынтымақтастық

«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-пен келісімшарттар бойынша ҒЗЖ: қазақстандық ильменит концентраттарын қалпына келтіру балқыту әдістерін сынау, қоспалары жоғары қазақстандық титан шикізатын хлорлау кезінде тетрахлорид сапасын тұрақтандыру, антрацит мөлшерін арттыру, бастапқы магний сапасын жақсарту (2002-2011 жж.); титан құймаларын алу (2014 ж.) және титан губка блоктарын қайта өңдеу (2020-2023 жж.)


Байланыс ақпараты

Мекенжай
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жандосов к-сі, 67 Телефон +7 (727) 259-00-70 (ішкі 131) +7 (705) 808 28 06
Телефон
+7 (727) 259-00-70 (ішкі 131)
+7 (705) 808 28 06

ТСК бастығы

Қапсаламов Халқаман Болатбекұлы

ТСК Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеудің экожүйесінің құрамдас бөлігі.

ҒЗТКЖ, көпсалалы инновациялық өндірісі, өнеркәсіптік кластерде ыңғайлы орналасуы, автомобиль және теміржол жолдарының, сондай-ақ логистика үшін маңызды басқа да коммуникациялардың болуы ТСК-ның келешекте Алматы қаласыдағы жетекші эксперименттік ғылыми-өндірістік орталықтардың біріне айналуына мүмкіндік береді.

ТСК аумағында ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ қолданыстағы инженерлік коммуникациялардың дәліздері, іргелес өндірістік алаңдарына баратын қолданыстағы өткелдер бар.

Аумақ темірбетон қоршаумен қоршалған, бірнеше автомобиль кірер жолдары, сондай-ақ теміржол тұйығы бар.


Қызметтің негізгі бағыттары

  • Орталық зертханаларында әзірленген технологияларды тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтан өткізу және инновациялық технологияларды енгізу бойынша техникалық, материалдық көмек көрсету.
  • Жоғары қосылған құны бар өнім шығару бойынша жоғары тиімді өндірістерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
  • Тәжірибелік-сынақ өндірістік базаның тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
  • Инновациялық жобаларды қажетті энергия тасымалдаушылармен қамтамасыз ету және ТСК баланысындағы энергия жабдықтары мен коммунакациялық инженерлік желілерді жұмыс жағдайында ұстау.
  • Санитарлық нормаларға сәйкес және жобалық шешімдердің техникалық-технологиялық талаптары мен экологиялық шектеулеріне сәйкес инновациялық жобаларды кеңсе және өндірістік алаңдармен қамтамасыз ету.
  • ТСК инфрақұрылымын іске асыру және пайдалану және ТСК аумағында орналасқан инновациялық жобалардың өкілдеріне техникалық көмек көрсету.
  • Барлық құрылымдық бөлімшелердің, цехтар мен өндірістік бірліктердің жұмысы мен өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастыру.
  • Жаңа техника мен технологияларды, еңбекті басқару мен ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын, ғылыми негізделген нормативтерді, материалдық, қаржылық және еңбек шығындарын кеңінен пайдалану негізінде өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастыру, өнімнің (көрсетілетін қызметтердің) техникалық деңгейі мен сапасын, оны өндірудің экономикалық тиімділігін арттыру, өндірістік резервтерді ұтымды пайдалану мақсатында нарық конъюктурасын және озық тәжірибені зерделеу және ресурстардың барлық түрлерін үнемді жұмсау.

 

Бөлу шекарасындағы аумақтың жалпы ауданы

40 000 м2

Игерілген аумақ ауданы

14 700 м2

оның ішінде темір жол желдеткіші

200 м

ТСК құрылыс ауданы

13 700 м2

Ғимарат көлемі

60 251 м3

Әкімшілік-тұрмыстық корпус

2 355 м2

Көгалдандыру ауданы

3 000 м2

Құрылыс тығыздығы

60%

Темір жол тұйығы

2 378 м

 

Тәжіриб-сынақ кешендегі бірлескен қызмет сіздің бизнесіңіздің дамуына жағдай жасауға, өңдеу технологияларының жоқтығынан бұрын талап етілмеген минералды шикізаттың жаңа кен орындарын айналымға тартуға, қызметтің инновация сипатындағы жаңа кәсіпорындар құруға, ғылыми-техникалық ұжымдар мен авторлардың әзірлемелері бойынша жаңа өнім түрлерінің эксперименттік партияларын шығаруға мүмкіндік береді.

 

ТСК презентациясі


​ 


Байланыс ақпараты

Мекенжайы
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жандосов к-сі, 67
Телефон
+7 777 123 0001,
+7 777 8101112
E-mail
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.