Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Бөлім бастығы
Байтулин Әлихан Исаұлы
Қызметтің негізгі бағыттары
- Инновациялық жобаларды коммерцияландыру саласындағы ұйымның ғылыми-зерттеу зертханаларымен, оның филиалдарымен, бөлімдерімен және ғылыми қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасау.
- Шетелдік серіктестермен, ғылыми орталықтармен және компанияларды іздеу және байланыс орнату.
- Ынтымақтастық туралы келісімдер (меморандумдар, шарттар, консорциумдар) жасасу.
- Халықаралық жобалар мен бағдарламаларға қатысу, халықаралық гранттарға өтінімдер дайындау және бірлескен зерттеулерді қаржыландыру.
- Халықаралық көрмелерге, форумдар мен презентацияларға қатысу.
- Шетелдік серіктестер мен сарапшылардың мәліметтер базасын құру.
- Халықаралық конкурстар мен қаржыландыру бағдарламалары туралы ақпараттандыру.
- Шетелдік жобаларға қатысу үшін құжаттарды дайындауға көмектесу.
- Мемлекеттік басқару органдарының және шетелдік әріптестердің өкілдерімен халықаралық іскерлік кездесулерді, ғылыми конференцияларды, семинарлар мен дөңгелек үстелдерді және т.б. дайындауға және өткізуге қатысу; есептер, баяндамалар дайындау, жоғары тұрған мемлекеттік органдармен іскерлік хат алмасуды жүзеге асыру.
- Шетелдік делегациялар мен кәсіпорындардың жекеленген мамандарын қабылдауға және қызмет көрсетуге байланысты іс-шараларды ұйымдастыру. Кәсіпорынға келген шетелдік мамандарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру (өндірістік-техникалық, мәдени, тұрғын үй-тұрмыстық және т.б.).
- Ғылыми, техникалық, экономикалық және арнайы әдебиеттерді, патенттік сипаттамаларды, нормативтік-техникалық және тауарға ілеспе құжаттаманы, шетелдік ұйымдармен хат алмасу материалдарын және т.б. қазақ тіліне аудару, аудармаларды редакциялауды жүзеге асыру, орындалған аудармаларды, аннотацияларды, рефераттарды есепке алу және жүйелеу.
Байланыс ақпараттары
Жандосов көш., 67, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
+7-701-3819936
