24.12.2025

 

 

1 800-ден астам индустриялық сертификаттардың иелері Тізілімге автоматты түрде ауыстырылған

 

 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қазақстандық тауар өндірушілерінің тізілімі» цифрлық платформасы іске қосылды. Ол e-ondiris.gov.kz сайтындағы барлық пайдаланушыларға қолжетімді және бүгінде барлық бизнес субъектілері тіркеуге өтініш бере алады.

 

«Тауарлардың шығу тегін растаудың бұрынғы механизмімен салыстырғандағы Тізілімнің басты айырмашылығы – барлық процестердің толық цифрландырылуы. Өтініштерді беру, оларды тексеру және шешім қабылдау толығымен онлайн режимінде жүзеге асырылады, бұл барлық кезеңдерде ашықтық пен бақылауды қамтамасыз етеді», - атап өтті ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.
 
  • Екіншіден, процесс бюрократиядан арылады. Жүйе мемлекеттік деректер базаларымен интеграцияланып, құжаттар санын қысқартады және бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені төмендетеді.

  • Үшіншіден, бұл қызмет мемлекеттік органдар тарапынан жеке аудиторлар мен сарапшыларды тартпай, тегін көрсетіледі.

 

Министр жаңа жүйеге кезең-кезеңімен көшу мақсатында бұрын қазақстандық тауар өндіруші мәртебесін растаған 1800-ден астам индустриялық сертификат иелері Тізілімге автоматты түрде ауыстырылғанын атап өтті. Аталған компаниялар бір ай ішінде жүйеде қажетті мәліметтерді толықтырып, өтінімді ЭЦП арқылы растауы тиіс. Қазіргі таңда платформада мыңға жуық компания тіркелген.

 

Жалпы алғанда, Тізілім мемлекеттік қолдаудың нысаналылығы мен ашықтығын арттыру және оны нақты өндірістік қызметпен айналысатын кәсіпорындарға мақсатты түрде бағыттау үшін құрылды.

 

Дереккөз: www.gov.kz

 

Басқа жаңалықтар

Қазақстандық ғалымдар RCCT-2026 халықаралық конференциясында жартылай өткізгіш материалдар саласындағы әзірлемелерін таныстырды

Қазақстандық ғалымдар RCCT-2026 халықаралық конференциясында жартылай өткізгіш материалдар саласындағы әзірлемелерін таныстырды

Қазақстан ғалымдары литий құрамды кендерді өңдеудің жаңа технологиясын дайындады

Қазақстан ғалымдары литий құрамды кендерді өңдеудің жаңа технологиясын дайындады

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан мен Өзбекстан мамандары минералдық шикізатты зерттеу саласында тәжірибе алмасты

Қазақстан мен Өзбекстан мамандары минералдық шикізатты зерттеу саласында тәжірибе алмасты

«Қазмеханобрдың» зерттеулері Ақбейіт кен орнында алтын өндіру фабрикасы құрылысын жүргізуге негіз болды

«Қазмеханобрдың» зерттеулері Ақбейіт кен орнында алтын өндіру фабрикасы құрылысын жүргізуге негіз болды

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз