07.07.2026

ҚР Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК «Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институты» филиалының қызметкерлері Екатеринбург қаласында (Ресей) өткен Химиялық термодинамика бойынша XXV халықаралық конференцияның (RCCT-2026) жұмысына қатысты. Қазақстандық делегация құрамында химия ғылымдарының докторы, профессор Шұға Қасенова, химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жеңісгүл Сағынтаева және химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Вера Толоконникова болды.

Конференцияға Қазақстан, Ресей, Үндістан, Қытай, Вьетнам, Индонезия, Корея Республикасы, Моңғолия және басқа да елдерді қоса алғанда, 20 мемлекеттен 800-ден астам маман қатысты. Аталған халықаралық ғылыми алаң химиялық термодинамика, материалтану және жаңа функционалдық материалдарды әзірлеу саласында еңбек ететін жетекші ғалымдардың, ғылыми-зерттеу ұйымдары, жоғары оқу орындары және өнеркәсіп кәсіпорындары өкілдерінің басын қосты.

Қазақстандық ғалымдар қазіргі заманғы электроника үшін аса перспективалы функционалдық материалдар класына жататын перовскит тәрізді құрылымы бар жаңа көпкомпонентті оксидті материалдарды зерттеу нәтижелерін ұсынды.

«Біз алғаш рет жаңа қосылыстардың термодинамикалық және электрфизикалық қасиеттері туралы кешенді мәліметтер алдық. Бұл олардың тұрақтылығын болжауға, функционалдық сипаттамаларын басқаруға және алдын ала берілген қасиеттері бар жартылай өткізгіш материалдарды жасауға мүмкіндік береді. Осындай материалдар қазіргі электрониканың негізін құрайды. Олар датчиктерді, электрондық компоненттерді, автоматтандыру жүйелерін, телекоммуникациялық жабдықтарды және энергия үнемдеу құрылғыларын әзірлеуде қолданылады», – деп атап өтті делегация жетекшісі, химия ғылымдарының докторы, профессор Шұға Қасенова.

Іссапар барысында халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстандық ғалымдар сапар аясында техника ғылымдарының кандидаты Елена Корчагинамен (Д.И. Менделеев атындағы Бүкілресейлік метрология ғылыми-зерттеу институты) және химия ғылымдарының докторы, физикалық химия профессоры Андрей Зуевпен (Орал федералдық университеті) жұмыс кездесулерін өткізді. Кездесулер барысында бірлескен ғылыми зерттеулердің перспективалық бағыттары, термодинамикалық модельдеудің заманауи әдістерін қолдану мәселелері, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру және жас ғылыми кадрларды даярлау мүмкіндіктері талқыланды.

Дереккөз: www.gov.kz/memleket 

Басқа жаңалықтар

Қазақстан ғалымдары литий құрамды кендерді өңдеудің жаңа технологиясын дайындады

Қазақстан ғалымдары литий құрамды кендерді өңдеудің жаңа технологиясын дайындады

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан мен Өзбекстан мамандары минералдық шикізатты зерттеу саласында тәжірибе алмасты

Қазақстан мен Өзбекстан мамандары минералдық шикізатты зерттеу саласында тәжірибе алмасты

«Қазмеханобрдың» зерттеулері Ақбейіт кен орнында алтын өндіру фабрикасы құрылысын жүргізуге негіз болды

«Қазмеханобрдың» зерттеулері Ақбейіт кен орнында алтын өндіру фабрикасы құрылысын жүргізуге негіз болды

Казмеханобр провел Панельную сессию «Современные решения по переработке минерального сырья» в рамках 16-го Международного горно-металлургического конгресса Astana Mining & Metallurgy (AMM) 2026

Казмеханобр провел Панельную сессию «Современные решения по переработке минерального сырья» в рамках 16-го Международного горно-металлургического конгресса Astana Mining & Metallurgy (AMM) 2026

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз