02.07.2026

ҚР Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының ғалымдар тобы құрамында литийі аз алюмосиликатты кендерді өңдеудің инновациялық технологиясын әзірледі.

Технология карботермиялық балқыту үдерісіне негізделген. Технология кенді кешенді өңдеуді және литий мен алюминий силикатының толық бөлінуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде литий концентратынан ФС45 маркалы ферроқорытпа да түзіледі. Бұл қорытпа металлургия өнеркәсібінде сұранысқа ие.

Технологияның арнайы таңдалған режимдерінің арқасында литий шлак құрамында химиялық белсенді күйде шоғырланады. Бұл өз кезегінде концентратты өңдеуді жеңілдетіп, одан литий тұздарын алуға мүмкіндік береді.

«Құрамындағы литий мөлшері төмен кендерді өңдеу нәтижесінде біз құрамында 12–14% литий оксиді бар концентрат аламыз. Бұл өнімдегі литий оксидінің мөлшері дәстүрлі тәсілмен алынатын ұқсас өніммен салыстырғанда екі еседен астам жоғары. Қолданыстағы технологиялар бойынша бұл кезеңде литий оксидінің мөлшерін 5-6%-дан жоғары деңгейге жеткізу мүмкін емес»,– дейді жоба жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты Феруза Бердіқұлова.

Жаңа технологияның басқа да артықшылықтары бар. Олардың қатарына күкірт қышқылының агрессивті ерітінділерін пайдалану көлемін, қоршаған ортаға зиянды әсерін, өндіріс шығындарын азайту жатады. Әзірленген технология маңызды металдардың отандық шикізаттық базасын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: www.gov.kz/memleket 

Басқа жаңалықтар

Қазақстандық ғалымдар RCCT-2026 халықаралық конференциясында жартылай өткізгіш материалдар саласындағы әзірлемелерін таныстырды

Қазақстандық ғалымдар RCCT-2026 халықаралық конференциясында жартылай өткізгіш материалдар саласындағы әзірлемелерін таныстырды

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан мен Өзбекстан мамандары минералдық шикізатты зерттеу саласында тәжірибе алмасты

Қазақстан мен Өзбекстан мамандары минералдық шикізатты зерттеу саласында тәжірибе алмасты

«Қазмеханобрдың» зерттеулері Ақбейіт кен орнында алтын өндіру фабрикасы құрылысын жүргізуге негіз болды

«Қазмеханобрдың» зерттеулері Ақбейіт кен орнында алтын өндіру фабрикасы құрылысын жүргізуге негіз болды

Казмеханобр провел Панельную сессию «Современные решения по переработке минерального сырья» в рамках 16-го Международного горно-металлургического конгресса Astana Mining & Metallurgy (AMM) 2026

Казмеханобр провел Панельную сессию «Современные решения по переработке минерального сырья» в рамках 16-го Международного горно-металлургического конгресса Astana Mining & Metallurgy (AMM) 2026

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз