Сирек металдар зертханасы

 

 

 

 

 

Зертхана меңгерушісі

Шаяхметова Роза Абдрахмановна, т.ғ.к.

 

Зертхананың қызметі орталықтың жұмыс бағдарламаларымен және зертхананың тақырыптық жоспарларымен анықталады.

 

 

 

 

 

 

Зертхананың ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары

 

  1. Ванадий мен сирек жер металдарын ала отырып, Қаратаудың Баласаускандық, Құрымсақ кен орындарының қара тақтатастарын өңдеу технологиясын әзірлеу. Зерттеу нәтижесі Баласаускандық кен орнында (2008-2014 жж.) жылына өнімділігі 15000 тонна кен өндіретін тәжірибелік-өнеркәсіптік учаскесін салу үшін технологиялық регламент әзірлеу және беру болды.
  2. Бишофит пен карналлиттің тауарлық магний өнімдерін ала отырып, хризотил-асбест техногендік шикізатын өңдеу технологиясын әзірлеу (2015-2020жж). Технология тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтардан сәтті өтті және «Қостанай минералдары» АҚ-да игеруге қабылданды. «Ғылым қоры» АҚ ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасы шеңберінде «Қостанай минералдары» АҚ өндірістік алаңдарында бишофит пен карналлиттің өнеркәсіптік өндірісі ұйымдастырылды(объектіні пайдалануға қабылдау актісі 11.12.2020 ж.).
  3. Беріктігі жоғары және сирек металдармен легирлену технологиялылығы бар перспективалы титан қорытпаларын әзірлеу (2015-2024жж).
  4. Сирек және сирек жер элементтері негізінде пайдалану қасиеттері жоғары жаңа композициялық материалдар алу (2021-2023жж).
  5. Қазақстанның тотыққан магнезиялық–темірлі никель кендерін гидрометаллургиялық тәсілдермен өңдеудің кешенді технологиясын әзірлеу. (2023 - 2026).
  6. Зертхана қызметіндегі теория және практикасы саласында ғылыми кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру (магистратура, PhD докторантура, ізденуші).
  7. Халықаралық және республикалық симпозиумдарға, конференцияларға, көрмелерге қатысу. Мақалаларды жариялау, патенттер беру, өнертабысқа, басқа да ғылыми еңбектерді басып шығару.
  8. Зертхананың ғылыми-зерттеу қызметін орындауға қатысты мәселелер бойынша ғылыми, өнеркәсіптік және басқа да ұйымдармен және кәсіпорындармен ынтымақтастықты жүзеге асыру.

 

Байланыс ақпараты:

Жандосов көш., 67, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы

+7-727-2590070 (ішкі. 131)

+7-707-1900058