Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалымдар RCCT-2026 халықаралық конференциясында жартылай өткізгіш материалдар саласындағы әзірлемелерін таныстырды

Қазақстандық ғалымдар RCCT-2026 халықаралық конференциясында жартылай өткізгіш материалдар саласындағы әзірлемелерін таныстырды

Қазақстан ғалымдары литий құрамды кендерді өңдеудің жаңа технологиясын дайындады

Қазақстан ғалымдары литий құрамды кендерді өңдеудің жаңа технологиясын дайындады

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан мен Өзбекстан мамандары минералдық шикізатты зерттеу саласында тәжірибе алмасты

Қазақстан мен Өзбекстан мамандары минералдық шикізатты зерттеу саласында тәжірибе алмасты

«Қазмеханобрдың» зерттеулері Ақбейіт кен орнында алтын өндіру фабрикасы құрылысын жүргізуге негіз болды

«Қазмеханобрдың» зерттеулері Ақбейіт кен орнында алтын өндіру фабрикасы құрылысын жүргізуге негіз болды

BR19777171 ғылыми-техникалық бағдарлама (2023-2025 жж.)

РҒП «НЦ КПМС РК» Ұлттық орталығының ғалымдары 2023-2025 жылдарға арналған BR19777171 «Полиметаллды шикізатты кешенді қайта өңдеудің принципті жаңа технологияларын әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасын ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруы аясында жүзеге асыруда.

Бағдарламаның мақсаты – жоғары кремнийлі, байытылуы қиын полиметалл рудаларын кешенді қайта өңдеу технологияларын әзірлеу және оларды тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтан өткізу, жаңа кешенді кремнийлі қорытпалар мен қорғасын-мырыш құрамды материалдарды алу. Жаңа қорытпа түрлеріне арналған технологиялық регламенттер, техникалық шарттар және инновациялық өндірістерді жобалауға арналған технологиялық тапсырмалар әзірлеу.

Бағдарламаның негізгі идеясы – оксидті және сульфидті рудаларды байыту кезеңін айналып өтіп, рудотермиялық пеште қайта өңдеу, нәтижесінде кремнийдің балқымаға, ал қорғасын мен мырыштың ұшпа өнімдерге бөлінуі. Бұл жаңа тәсіл қорғасын мен мырышты 99% газ фазасына, ал кремнийді 70–80% балқымаға көшіруге мүмкіндік береді. Дәстүрлі схема 90–95% кремнеземді қалдықтар мен 5–7% ғана концентрат береді.

Әзірленген технология мүмкіндіктері:

  • металл өнімдерін сақтау және арттыру;
  • ферроқорытпалар алу (ферросилиций, ферросиликоалюминий, алюмосиликомарганец және т.б.);
  • ұшпа өнімдерден жоғары тазалықтағы мырыш, магний тұздары мен негізгі қорғасын сульфатын алу;
  • коррозияға төзімді мырыш гальваникалық жабындарын жасау;
  • бұрын өңделмеген некондициялық рудаларды және жоғары күлді көмірлерді қайта өңдеуге енгізу.

Технологиялар термодинамикалық модельдеуден бастап тәжірибелік-өнеркәсіптік сынаққа дейінгі толық циклден өтті.

Ферроқорытпалардың тәжірибелік партиялары алынды:

  • кальций- және магнийқұрамды: 40–45% Si, 18–20% Al, 8–15% Ca, 2–4% Mg;
  • алюмосиликомарганец: Mn 28,60%, Si 41,40%, Al 14,05%, C 0,067%;
  • ФС25, ФС45, ФС65 маркалы ферросилиций;
  • алюминий мөлшері төмен, бор қосылған ферросилиций (Al 94,3–97,3% жойылуы).

Қорғасын-мырыш ұшпаларынан алынған өнімдер:

  • ЦВО маркалы катодтық мырыш;
  • MgCl2·6H2O, MgSO4·7H2O;
  • 3PbO·PbSO4·2H2O (Pb 83,5%);
  • коррозияға төзімді мырыш жабындары.

Жаңалығы ҚР 9 патентін алумен расталды(№8896, №8876, №9968, №8875, №36683, №10018, №10056, №10768, №10298). 22 ғылыми еңбек жарияланды (7 Scopus деректер базасында citescore процентилі бар журналдарда 50-ден кем емес); 5 ҚР ҰӘМ КОКСНВО-да, халықаралық конференциялардағы тезистер-10.

Photo