Химиялық өнімдер бойынша ақпараттық-талдау бөлімі

 

   

   

Бөлім бастығы

Қапсаламова Фарида Ришадкызы, PhD

 

Бөлім қауіпсіздік паспорттарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізе отырып, кейіннен өнімді тіркеу мүмкіндігі туралы ұсынымдар дайындай отырып, не сәйкессіздік туралы қорытындылар бере отырып, халықтың денсаулығын қорғау және қоршаған ортаны қорғау мақсатында химиялық өнімнің айналымына байланысты тәуекелділік сараптамалық бағалауды жүзеге асырады. 

 

   

 

Қызметтің негізгі бағыттары

   

  • Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорттарын сараптау: Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізу, бұзушылықтар анықталған, толық емес немесе дәйексіз ақпарат берілген жағдайда сәйкессіздік туралы қорытындылар жасау. Сәйкес болған жағдайда –өнімді тіркеуге ұсынымдар дайындау.
  • - Химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау деңгейін арттыруға бағытталған стандарттар мен техникалық регламенттерді енгізуге қатысу.
  • Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу, химиялық өнімнің қауіпсіздігіне байланысты құжаттаманы жүйелеу және сақтау.
  • Білім беру және консультациялық қызмет: Қауіпсіздік паспорттарын дұрыс жасау мәселелері бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері үшін тренингтер, семинарлар және консультациялар өткізу.
  • - Құжатайналымы: Сараптама материалдары мен ілеспе құжаттамаларды тиісті бөлімшелер мен мұрағатқа тапсыру.

 

Көрсетілетін қызметтер тізбесі

   

  • Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорттарының Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу.
  • Қауіпсіздік паспорттарының белгіленген нормаларға сәйкессіздігі туралы қорытындылар және өнімді тіркеуден бас тарту туралы ұсынымдар дайындау.
  • Заңнама талаптарына сәйкес химиялық өнімді тіркеуге ұсынымдар дайындау.
  • Өтініш берушілерді қауіпсіздік паспорттарын ресімдеу мәселелері бойынша консультациялық сүйемелдеу.
  • Қауіпсіздік паспорттарын жасау бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері үшін оқыту тренингтері мен семинарлар өткізу.
  • Химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы стандарттар мен техникалық регламенттерді енгізу кезінде әдістемелік қолдау.
  • Қауіпсіздік паспорттары мен ілеспе құжаттамалар бойынша дерекқорды жүргізу және өзектендіру.

 

Байланыс ақпараттары

Жандосов көш., 67, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы

+7-727-2590070 (ішкі 182)

 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.