Кремнийкөміртекті композиттер зертханасы (КККЗ)

Зертхан меңгерушісі
Сухарников Юрий Иванович, техника ғылымдарының докторы, профессор металлургии
Қызметкерлер саны: 4, оның ішінде 1 т.ғ.д, 1 магистр және 1 жетекші инженер.
Зертхана қызметінің сипаттамасы
Жаңа көпфункционалды материалдарды ала отырып күріш өңдеу қалдықтарын кешенді қайта өңдеудің инновациялық технологияларын әзірлеу және оларды техника мен ауыл шаруашылығының түрлі салаларында қолдану.
Негізгі ғылыми бағыты
Антропогендік өсімдік шикізатын кешенді өңдеу.
Әзірленген технологиялар, материалдар және стандарттар
- Кремнийкөміртегі (КК) және органикалық өнім (ОӨ) ала отырып күріш қабығын кешенді өңдеу технологиясы және ОӨ-ны құс шаруашылығында жемшөп қоспасы және резеңке-техникалық және құрылымдық көміртекті материалдарды толтырғыш ретінде, ал ОӨ-ны ветеринарияда дезинфекциялаушы және өсімдіктердің өсуін ынталандырушы ретінде пайдалану.
- – Фрикционды көміртекті материалдарының құрамдас бөлігі ретінде қолдануға арналған β модификациялы көміртегі-карбиді кремний плазмохимиялық композит алу технологиясы.
Техникалық жарақтануы
- күріш қабығын термиялық өңдеуге арналған зертханалық қондырғылар:
- СШОЛ -1-6-2,5 2015ж. электр пеші;
- МИМП-10 П 2013 ж. муфель пеші;
- 1750˚С, LHT 04/17, TMAX/1750 2019 ж. жоғары температуралы пеш;
- ИД-65, 2021 ж. дискілі истораторы
- Кремнийкөміртегін алу алуға арналған (тәулігіне 100 кг) тәжірибелік өндіріс (L-3 м айналмалы пеш, Ø– 0,3 м) 2010 ж.
- – Күріш қабығын пиролиздеу, кремний көміртегін салқындату, пиролиз газын кәдеге жарату және дайын өнімді буып-түю бөлімшесі аппараттары құрамында жылына 1500 тонна кремний көміртегін өндіру.
Жарияланымдар, патенттер, стандарттар, регламенттер
- зертхананың тақырыбы бойынша 106 ғылыми мақала жарияланды және ҚР 21 патенті алнды;
- ұйымның стандарттары әзірленді:
- СТ01-23 РГП-06-2015 «Күріш қабығынан кремнийкөміртегі»;
- СТ 01-22-2.10 «Күріш қабығынан органикалық өнім»;
- СТ 01-23-РГП-06-2-14 «Күріш қабығынан Кремний диоксиді»;
- СТ 01-23-РГП-08-2014 «Күріш қабығынан графитті көмір»;
- «Күріш қабығынан кремнийкөміртегі өндірісі» ВТР-1-2016 технологиялық регламенті әзірленд.
Байланыс ақпараты
Жандосов көш., 67, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
+7-727-2500070 (қос. 125)
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
КҮРІШ ӨҢДЕУ ҚАЛДЫҚТАРЫНАН ЖАҢА ПОЛИФУНКЦИОНАЛДЫ МАТЕРИАЛДАР АЛУ
Күрішті өңдеу кезінде әлемде бірнеше миллион тонна күріш қабығы қалады, оның ішінде Қазақстанда шамамен 60 мың тонна, олар көп жағдайда қолданылмайды, үйінділерге жіберіледі, бұл экологиялық проблемалар тудырады.
«Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК-да кремнийкөміртегі мен органикалық өнім ала отырып, Қазақстанда және әлемде алғаш рет күріш қабығын термиялық өңдеуге арналған әдіс пен аппараттар әзірленді (07.06.2019 ж. № 34661 ҚР патенті және 12. 04. 2024 ж. № 8997 ҚР патенті).
Бізде жылына 4200 тонна күріш қабығын өңдейтін және 1500 тонна кремнийкөміртегі мен 1500 тонна органикалық өнім өндіретін өндіріс салынды. Өнім 2025 жылдың 4 тоқсанында шығарылады деп жоспарлануда.
Кремнийкөміртегін құс шаруашылығында биоактивті жем қоспасы ретінде пайдалануға болады. Бұл құс шаруашылығының өнімділігін арттыруға және жемшөп шығынын төмендеуі қамтамасыз етеді.
Органикалық өнімнің сулы ерітінділерін ветеринарияда дезинфекциялаушы және өсімдік шаруашылығында өсу стимуляторы ретінде пайдалануға болады.
Қазақстанда кремнийкөміртегіне деген жалпы қажеттілік 20000 тонна, ал органикалық өнімге деген қажеттілік жылына 5000 тоннадан астам.
Осыған ұқсас инновациялық өндірісті құру үшін біз жобалау-конструкторлық және ғылыми-техникалық құжаттаманы дайындап, негізгі бейстандартты жабдықтарды дайындауды қамтамасыз ете аламыз, стандартты жабдықтар мен қажетті материалдардың тізбесін ұсынамыз, сондай-ақ осы өндірісті игеруге көмек көрсетеміз.
Жылына 4200 т күріш қабығын өңдейтін өндірісін құруға кететін күрделі шығындар 693 млн. теңгені құрайды.
Жылына 1500 тонна кремнийкөміртегін (КК) және 1500 тонна органикалық өнімді (ОӨ) алуға кететін жылдық шығын 900 млн.теңгені құрайды. Өнімді сатудан түскен түсім - 2088 млн. теңге (сату бағасы 1 т КК – 696000 теңге және 1 т ОӨ – 696000 теңге). Жалпы пайда 1188 млн. теңге. Өндіріс рентабельділігі 112%.

Кремнийкөміртегі (тәулігіне 100 кг) және органикалық өнім (тәулігіне 100 кг) ала отырып, күріш қабығын өңдеу бойынша тәжірибелік өндіріс

Күріш қабығын пиролиздейтін аппарат (4200 т жылына)

Кремнийкөміртегін салқындататын аппарат (1500 т жылына)














