
Бөлім басшысы
Бердікулова Феруза Асанқызы
т.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Бөлім туралы
Ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды үйлестіру бөлімі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру, сүйемелдеу және олардың орындалуын бақылаумен айналысады, сондай-ақ мемлекеттік және салалық ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруды қамтамасыз етеді. Бөлімнің негізгі міндеті – Орталық, оның филиалдары мен серіктестері арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, инновацияларды енгізуге және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға ықпал ету, сондай-ақ өнімнің халықаралық стандарттарға сай бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Негізгі қызмет бағыттары
- Орталық пен филиалдардың мемлекеттік тапсырыстарды орындау бойынша конкурстарға, тендерлерге қатысуы.
- Бюджеттік ғылыми-техникалық бағдарламалардың (ҒТП) жобаларын әзірлеу.
- Гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобаларын, ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын және басқа да мемлекеттік және салалық ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру және сүйемелдеу.
- Ғылыми бөлімшелердің, Орталық филиалдарының және басқа да ғылыми-техникалық бағдарламаларды бірлесіп орындаушылардың ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру.
- Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама (МҒТС) өткізу үшін бағдарламалар мен жобаларды орындаудың ғылыми-зерттеу қызметі бойынша есептік материалдарды дайындау.
- Патенттік-лицензиялық қызметті сүйемелдеу.
- ҚР ӨҚИ Өнеркәсіп комитетімен жұмыс (жер қойнауын пайдалану жобаларының технологиялылығы мен инновациялылығын бағалау үшін негіздемелер, қорытындылар дайындау).
- ТКМК кәсіпорындарын дамыту жоспарларына және өнім сапасын халықаралық стандарттар деңгейіне дейін арттырудың заманауи талаптарына сәйкес ҒЗЖ қажеттілігі мен басымдылығын анықтау.
- ҒТБ негізгі тапсырмалары мен көрсеткіштерін әзірлеу.
- ҒТБ орындау барысында алынған нәтижелерді талдау, жұмыс жоспарларын түзету.
- ҒЗЖ нәтижелерін қолдану облыстарын анықтау бойынша ұсыныстарды қалыптастыру.
Байланыс ақпараты
|
|
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жандосов к-сі, 67 |
|
|
+7-727-259-00-70 (ішкі 119) +7-727-308-78-57 +7-778-911-99-41 |
|
|
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |

