Гидроэлектрометаллургия зертханасы

Зертхана меңгерушісі
Сейдахметова Назира Махмұтқызы, PhD
Зертхана штатында 12 қызметкер бар, олардың 1 х.ғ.д,академик; 1 х.ғ. к., 1 т.ғ.к., 1 г-м. ғ.к.; 1 PhD, 3 докторант; 1 магистр.
Жетекші мамандар:
Баешов А.Б., Мазулевский Е.А., Сейдахметова Н.М.
Зертхана қызметінің қысқаша сипаттамасы
Минералогиялық және техногендік шикізатты өңдеу саласында іргелі, іздестіру және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, жаңа технологияларды әзірлеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау: тәжірибелік, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізу.
Негізгі ғылыми бағыттар
Пиро-гидро-электрометаллургиялық тәсілдермен (Re, Os, V, Sb, Ba, Zn, Ti) минералдық және техногендік шикізатты өңдеу технологияларын әзірлеу.
Көрсетілетін қызметтер тізбесі
- Пиро-гидро-электрометаллургиялық тәсілдермен (Re, Os, V, Sb, Ba, Zn, ti) минералдық және техногендік шикізатты өңдеу технологияларын әзірлеу.
- Металдардың физика-химиялық талдаулары, элементтерді анықтау:
- Mo, W – колориметрикалық әдіс,
- Re, Os – колориметрикалық әдіс,
- Sb – көлемдік және колориметриялық әдіс,
- Pb, Zn, Fe – көлемдік әдіс,
- Силикатты талдау (SiO2, CaO, Fe, Mg),
- Hg – көлемдік әдіс,
- Pb – фазалық әдіс,
- Cu – көлемдік әдіс,
- органика – көлемдік әдіс,
- Na2CO3, NaOH – көлемдік әдіс.
Әзірленген технологиялар, материалдар, әдістемелердің тізбесі
- Тазалығы Ар-00 аммоний перренатын және металл осмийін ала отырып, мыс балқыту өндірісінің кектері мен шламдарынан рений мен осмийді алу технологиясын әзірлеу (2003-2018жж.).
- Антимонатты шикізаттан Sb 99.5 маркалы металл сүрмесін алу технологиясын әзірлеу (2012-2017 жж.).
- Титан қорытпаларының сынықтарын поляризациялаудан кейінгі еріту арқылы күн батареялары үшін TiO2 жұқа оксидті пленкаларды алу технологиясы (2021-2023 жылдарға арналған br09458955 бағдарламасы бойынша).
- Берілген құрылым мен қасиеттердің композициялық жабындарын алу технологиясы (2021-2023 жылдарға арналған BR09458955 бағдарламасы бойынша).
- Композициялық материалдарды синтездеу үшін дисперсиялық-қатайтатын фазалар ретінде ұсақ түйіршікті вольфрам карбидін алу технологиясы (2021-2023 жылдарға арналған BR09458955 бағдарламасы бойынша).
- Бақыланатын атмосфера мен вакуумдық процестерді қолдана отырып, пирометаллургиялық тәсілдермен полиметалл шикізатын электрлі балқытудан мырыш пен қорғасын алудың инновациялық технологиясын әзірлеу (2023-2025 жылдарға арналған BR19777171-OT-24 бағдарламасы бойынша).
- Металл оксидтері мен сульфидтерін қоса отырып, мырыш негізіндегі композициялық электрохимиялық жабындарды жасау (2023-2025 жылдарға арналған BR19777171-OT-24 бағдарламасы бойынша).
- Қорғасын өндірісінің өнеркәсіптік өнімдерінен тазалығы жоғары сүрме алудың көміртексіз технологиясын әзірлеу (2024-2026 жылдарға арналған br23991563 бағдарламасы бойынша).
- Сулы ертінділерде сынықтар, кесектер және жоңқалар түріндегі титан қалдықтарынан сульфаттарды, үш және төрт валентті титан хлоридтерін алудың электрохимиялық тәсілдерін әзірлеу (2024-2026 жылдарға арналған BR23991563 бағдарламасы бойынша).
- AP19578967 «Қазақстанның қарасланцтеі кендерінен токтың қайталама көздері үшін ванадий электролитін алу технологиясын әзірлеу» (2023-2025 жылдарға арналған жас ғалымдар конкурсы).
- AP23487029 Колонна үлгісіндегі аппараттарда мыс өндірісінің қорғасын кектерінен рений мен осмийді шаймалаудың инновациялық технологиясын әзірлеу (2024-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсы).
- AP23485523 «Пегматитті литий кен орындарының кендерінен сподуменді концентра мен литий карбонатын алу технологиясын әзірлеу» (2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсы).
Техникалық жабдықтар:
- Перемеш. қондырғы -3 (ПЭ8100 (штативімен ES2720))
- Муфельді пеш-2 (SNOL-30/1100, 2024ж., LOIP LF-9/11, 2022ж.)
- Кептіргіш шкаф-3 (SNOL-67/350, 2012)
- Планетарлы дирмен-1 (модель-SQM-1L, 2024)
- Потенциостат-гальваностат-1 (модель Р-45Х, 2024ж.),
- Бір каналды қоректендіргіш -2 (60 В, 5 А, Matrix MPS-6005D, 2023ж.)
- Дискілі өшіргіш -1
- Аналитикалық қондырғы – Фотометр -2 (ЗОМ КФК-3-01, 2024ж.)
Байланыс ақпараты:
Жандосов көш., 67, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы, 67
+7-778-2034223,
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
